Балжан Саулехан
Математика пәнінің мұғалімімін. Оқушыларға күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті тілмен меңгеруге көмектесемін. Сабақ барысында оқушының деңгейі мен ерекшеліктерін ескеріп, жеке тәсіл қолданамын. Мақсатым – білімді нығайтып, математикаға деген сенімділікті арттыру.
Балжан Саулехан
Математика
Математика
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
5–6 сынып оқушыларына мектеп бағдарламасы бойынша математикадан сабақ беремін. Сабақта интерактивті тапсырмалар, жұмыс дәптерлері, викториналар, ойын элементтері және жеке тапсырмаларды қолданамын. Әр оқушының деңгейіне қарай жұмыс жасап, тақырыпты түсінікті әрі қызықты түрде меңгеруге көмектесемін.
Мен – математика пәнінің мұғалімімін. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде математика пәнін оқыту бағыты бойынша білім алдым. Мектеп оқушыларымен жұмыс тәжірибем бар.
Сабақ барысында тақырыпты жаттатуға емес, оның мағынасын түсіндіруге көңіл бөлемін. Күрделі есептерді қарапайым қадамдарға бөліп, әр тақырыпты мысалдар мен практикалық тапсырмалар арқылы бекітемін.
Оқушының білім деңгейіне қарай сабақ қарқыны мен тапсырмаларды жеке таңдаймын. Қателерін бірге талдап, түсінбеген тақырыптарын қайта түсіндіремін.
Мен үшін ең маңыздысы – оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өзіне деген сенімін қалыптастыру. Мақсатым – математикадан жақсы нәтиже көрсетуге ғана емес, есепті өз бетімен шығара алатын дағды қалыптастыруға көмектесу.
авг. 22-авг. 28, 2026