Азамат Калдибаев
Математика пәнінің мұғалімімін. 7–9 сынып оқушыларына мектеп бағдарламасын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіремін. Әр оқушыға жеке тәсіл қолданамын.
Азамат Калдибаев
Математика
Математика
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
4 жылдық тәжірибем бар. Екібастұз БИЛ да математика пәні бойынша жұмыс жасағанмын. М.Қозыбаев университетін бітірдім, мамандық математика-физика.
Сәлеметсіз бе! Мен математика пәнінің мұғалімімін. 7–9 сынып оқушыларына мектеп бағдарламасын сапалы меңгеруге көмектесемін. Сабақ барысында әр тақырыпты қарапайым тілмен түсіндіріп, есептерді кезең-кезеңімен шығаруды үйретемін.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай жеке жоспармен жұмыс істеймін. Сабақта теорияны практикамен ұштастырып, түрлі деңгейдегі есептерді бірге талдаймыз. Негізгі мақсатым – оқушының математиканы түсініп оқуы, логикалық ойлауын дамыту және өз бетінше есеп шығара алуына ықпал ету.
Сабақтар онлайн және офлайн форматында өткізіледі. Жауапкершілікпен жұмыс істеп, әр оқушының нәтижесіне көңіл бөлемін.
сент. 18-сент. 24, 2026