Атымтай Болат
Математика және информатика пәндері бойынша тәжірибелі мұғаліммін. 5–6 сынып оқушыларына математика логикасын түсіндіріп, NIS және BIL емтихандарына дайындаумен айналысамын. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға, есеп шығару дағдыларын жетілдіруге және заманауи білім беру технологияларын қолдануға басымдық беремін.
Атымтай Болат
Математика
Математика
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
Математика пәні бойынша 5–6 сынып оқушыларымен жұмыс істеймін. Сабақтарым оқушының логикалық ойлауын, математикалық сауаттылығын және есеп шығару дағдыларын дамытуға бағытталған. Материалды қарапайым тілмен түсіндіріп, әр тақырыпты практикамен бекітемін.
Мен – математика пәнінің мұғалімі, 5 жылдан астам педагогикалық тәжірибем бар. SDU University-де IT мамандығы бойынша бакалавр, Shymkent University-де «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. Әртүрлі деңгейдегі мектептерде жұмыс істеп, математика, информатика және математикалық логика пәндерінен сабақ бердім.
Қазіргі таңда 5–6 сынып оқушыларын математикадан оқытып, NIS және BIL қабылдау емтихандарына дайындаймын. Сабақтарымда теорияны қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, әр тақырыпты практикалық есептер арқылы бекітемін. Әр оқушының білім деңгейін ескеріп, жеке оқу жоспарын құрып, әлсіз тұстарын жүйелі түрде дамытамын.
Оқушыларымның математикалық ойлау қабілетін, логикасын және есеп шығару дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Мен үшін ең басты нәтиже – оқушының пәнді түсініп, өз бетінше ойлап, күрделі есептерді сенімді шеше алуы және қалаған мектебіне оқуға түсуі.
июл. 17-июл. 23, 2026