Гульнара Бастык
Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға, негізгі білімдерін қалыптастыруға және алған білімдерін күнделікті қарым-қатынаста қолдануына көмектесемін. Сабақ барысында әр оқушыға жеке көңіл бөліп, жылы әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыруға тырысамын.
Гульнара Бастык
Английский язык
Английский язык
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде оқушының жас ерекшелігі мен жеке деңгейін ескеруге ерекше мән беремін. Сабақтарымда ойын арқылы оқыту, коммуникативтік әдістер, сөздік карточкалар, интерактивті тапсырмалар, диалогтар, әндер мен қызықты жаттығуларды қолданамын. Негізгі мақсатым — оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс айтылымын қалыптастыру, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Шымкент
Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде оқушының жас ерекшелігі мен жеке деңгейін ескеруге ерекше мән беремін. Сабақтарымда ойын арқылы оқыту, коммуникативтік әдістер, сөздік карточкалар, интерактивті тапсырмалар, диалогтар, әндер мен қызықты жаттығуларды қолданамын. Негізгі мақсатым — оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс айтылымын қалыптастыру, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Әр оқушының оқу қарқыны мен қабілеті әртүрлі болғандықтан, тапсырмаларды олардың деңгейіне қарай бейімдеуге тырысамын. Сабақта оқушылардың еркін сөйлеп, қателесуден қорықпауына және ағылшын тілін қызығушылықпен үйренуіне жағдай жасаймын. Мен үшін ең маңызды нәтиже — баланың алған білімін іс жүзінде қолдана алуы және өз қабілетіне деген сенімінің артуы.
авг. 25-авг. 31, 2026