Акжол Елемесов
Менің атым Елемесов Ақжол Берикұлы — көп жылдық тәжірибесі бар математика мұғалімі және оқу-әдістемелік материалдардың авторымын. Менің басты мақсатым — оқушыларға математиканы жаттатпай, оның логикасы мен заңдылықтарын терең түсіндіру.
Акжол Елемесов
Математика
Математика
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
Балаңыздың математикаға деген қызығушылығын оятып, үлгерімін жақсартқыңыз келе ме? 5-9 сынып оқушыларына арналған математикадан жеке сабақтарға қабылдау басталды!
Кәсіби жетістіктерім:
- 10 жылдық тәжірибе: БИЛ (Білім-инновация лицейлері) жүйесінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп, оқушыларды жоғары академиялық көрсеткіштерге жеткіздім.
- Оқулықтар авторы: «Астана-кітап» баспасынан шыққан 7-10 сыныптарға арналған Алгебра және Геометрия оқулықтарының авторымын.
- Ағылшын тіліндегі материалдар: Соңғы 8 жыл бойы халықаралық стандарттарға сай математика оқулықтарын ағылшын тілінде жазып келемін.
- Заманауи оқыту әдістемесі: Сабақ барысында құрғақ теориямен шектелмеймін. Оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамыту үшін арнайы интерактивті математикалық анимацияларды және практикалық STEM жобаларды (мысалы, инженерия негіздерін түсіндіру үшін спагеттиден көпір құрастыру сияқты тапсырмаларды) жиі қолданамын.
Егер сізге БИЛ-ге түсуге сапалы дайындық немесе мектеп бағдарламасын (5-9 сыныптар) тереңірек меңгеру қажет болса, хабарласыңыз. Сабақтар қазақ тілінде, қарапайым әрі ұғынықты форматта өтеді!
5-9 сынып оқушыларына арналған математикадан онлайн жеке сабақтарға қабылдау басталды!
Предмет:
Математика
Цена
3500 тнг/час
авг. 5-авг. 11, 2026