
Медет Байгожа
Математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы бағыттары бойынша республикалық конкурсқа қатысып, жекелей ІІ орын иелендім Оқушыларымды пәндік олимпиадалар мен зияткерлік сайыстарға дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткіздім: «Дарын» олимпиадасы – қалалық кезеңнің ІІ орын жүлдегері; «Нұрорда» олимпиадасы – І орын; «Алтын Сақа» олимпиадасы – І орын.
Медет Байгожа
Детали про опыт преподавания:
5–6 сынып оқушыларымен мектеп бағдарламасы бойынша, сондай-ақ БОД, НИШ және олимпиадаларға дайындық бағытында жұмыс жасаймын. Сабақтарымда теорияны түсіндірумен қатар, логикалық ойлауды, математикалық сауаттылықты және есеп шығару дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлемін. Әр оқушының деңгейіне қарай жеке оқу траекториясын құрып, қарапайым тапсырмалардан күрделі олимпиадалық есептерге дейін кезең-кезеңімен дайындаймын.
Математика пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылығын және пәнге деген қызығушылығын дамытуға басымдық беремін. Сабақтарымда саралап оқыту, зерттеу тапсырмалары, PISA форматындағы есептер және заманауи оқыту әдістерін қолданамын. Оқушыларды олимпиадалар мен түрлі зияткерлік байқауларға дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келемін. Өзім математикалық және оқу сауаттылығы бойынша республикалық конкурстың жекелей ІІ орын жүлдегерімін. Дайындаған оқушыларым «Дарын» олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ орын, «Нұрорда» және «Алтын Сақа» олимпиадаларында І орын иеленді. Оқушыларымнан тек білім ғана емес, өздігінен ойлау, дәлелдеу және өмірлік жағдаяттарда математиканы қолдану дағдыларын қалыптастыруды күтемін.
июн. 21-июн. 27, 2026