Дильназ Бокейханова
Аты жөнім - Бокейханова Дильназ. Математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша 4-курс студентімін. Оқушының білім деңгейіне қарай жеке жұмыс жүргізіп, қиын тақырыптарды меңгеруіне көмектесемін. Сабақ барысында оқушымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оның өзіне деген сенімін арттыруға көңіл бөлемін.
Дильназ Бокейханова
Математика
Математика
Уровни подготовки
Детали про опыт преподавания:
Дайындық әр оқушының білім деңгейіне қарай жүргізіледі. Мектеп бағдарламасындағы тақырыптар толық түсіндіріліп, есептер шығарылады, қателермен жұмыс жасалып, қайталау және білімді бекіту сабақтары өткізіледі. ҰБТ-ға дайындық барысында оқу жоспары оқушының деңгейіне сай құрылып, негізгі емтиханға дейін жүйелі түрде дайындалуға бағытталады.
Костанай
Математиканы тек формула жаттатумен шектелмей, оның не үшін және қалай қолданылатынын түсіндіруге тырысамын. Оқушының өзі ойлануына және шешім табуына мүмкіндік беремін. Қиын есептерді бірнеше тәсілмен қарастырып, оқушыға өзіне ыңғайлы әдісті таңдауға үйретемін.
Ең алдымен оқушының білім деңгейін анықтау үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі. Соған қарай жеке оқу бағыты құрылып, қажетті тақырыптар түсіндіріледі. Теория бірден практикалық есептермен бекітіледі, қателермен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар тақырыптарды қайталау және білімді бекіту үшін ай сайын тест алынады.
ҰБТ-ға дайындықта жүйелі жоспар бойынша жұмыс жүргізіп, тақырыптық қайталау, тест тапсырмалары және қателермен жұмыс арқылы оқушыны емтиханға кезең-кезеңімен дайындаймын.
сент. 25-окт. 1, 2026