Шұғыла Қалмағанбет
Сәлем, менің есімім Шұғыла. Гитарамен ән айтқанды, кітап оқығанды, ғылыми подкаст тыңдағанды жақсы көремін. Шет тілдеріне 2016 жылдан бері қызығамын, тілдерін жақсы көретін адам ретінде, әрбір адамды, жеке методикамен тілдерді меңгеруіне көмектесе аламын.
Шұғыла Қалмағанбет
Детали про опыт преподавания:
🇺🇸 Ағылшын тілін үйренуге қажетті материалдар мен құралдарды, шет тілін неліктен меңгергісі келетініне, білім деңгейіне және оқу ұзақтығына байланысты таңдап аламын.
Детали про опыт преподавания:
🇹🇷 Түрік тілін "Yedi İklim" оқулықтарының халықаралық деңгейде танылған жүйесі бойынша өткіземін. Бұл ТОМЕР (TÖMER) сынақтарынан бастап басқа да кез келген сынақтарға дейін сізді тамаша дайындайды.
"Astana International University" 2024 жылы екі шет тілі: ағылшын және түрік тілдері бакалавр мамандығын аяқтадым.
Қазір "SDU University" магистратурада оқимын.
Как человек, любящий иностранные языки, я стараюсь научить каждого языка человека, который хочет его выучить, по своей методике. Поскольку я знаю казахский, турецкий, английский, русский, корейский языки, я знаю, как быстро и легко выучить языки ✨🤓
Ағылшын тілін растайтын сертификатым болмаса да, менің артымдағы негізгі күш – өмірімнің бөлігі болған ағылшын тілінің іс жүзіндегі тәжірибесі. Себебі мен университетте болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін даярлайтын бағдарлама бойынша 4 жыл білім алдым. Қазір де СДУ университетінде ағылшынша білім беру бағдарламасында оқимын, жалпы 6 жыл бойы тек ағылшын тілінде оқып жүрмін (иә,иә барлық сабақты ағылшынша оқыдым, оқимын).
Мен түрік тілін тек оқулықтан, университеттен ғана емес, оны екі жаз бойы 2023 және 2025 жылдары ешқандай турға тәуелді болмай, жергілікті тұрғындар сияқты Стамбулда өмір сүре отырып үйрендім ( иа, иа 6 ай бойы Стамбулда тұрдым). Сабақтарға нақты диалогтар, сөзжұмбақтар, идиомалар және менің жеке тәжірибелерімнен алынған қызықты әңгімелерді қосамын.
Мектеп оқушыларына мектеп бағдарламасын игеруіне көмектесе аламын және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс тек баланың тіл үйренуге ұмтылысы болса ғана жұмыс жасаймын (себебі, ағылшын тілін қысыммен немесе өзгелердің қалауымен оқығанын қаламаймын)
Магистратураға түсуді қалаушыларға, тестті сәтті тапсыруға арналған авторлық методикамен жұмыс жасаймын (ағылшын тілін жоғарғы деңгейде білмей-ақ жақсы тапсырып шығуға болады, өзім 50/48 балл алдым 😌)
Здесь указаны свободные часы репетитора для занятий с новыми учениками. Информация о свободных часах в реальных условиях может изменяться каждый час. Поэтому точное время нужно согласовывать с репетитором
Ағылшын тілі репетиторы
Предмет:
Английский язык
Цена
4000 тнг/час
Түрік тілін "Yunus Emre Enstitüsü" материалдарымен үйретемін
Предмет:
Турецкий язык
Цена
4000 тнг/час
Магистратура ағылшын тілі тестіне, ағылшын тілі мұғалімдерін ОЗП/НКТ тестіне дайындаймын.
Предмет:
Английский язык
Цена
4000 тнг/час