Аружан Ахмет
Мен Аружан Абубакқызы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің физика-математика факультетінің физика-информатика мамандығын 2023жылы бітірген түлекпін.Білімім-жоғары.Қазіргі таңда Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясында физика-информатика пәні мұғалімі лауазымында жұмыс жасаймын.Өзімнің жеке курсым бар.
Аружан Ахмет
Детали про опыт преподавания:
Менің оқыту әдістемем:Теория мен практиканы үйлестіру,күрделі ұғымдарды қарапайым тілмен жеткізу,қадамдық шешу әдісі,интерактивті оқыту,тест және бақылау жұмыстары,жеке тәсіл.Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту-формулаларды жаттаудан гөрі,олардың мағынасын түсініп,әртүрлі тәсілдермен қолдануға үйретемін.
Білім беру саласында өзіммен бірге жұмыс жасайтын әріптестеріме,аудандық,облыстық дәрежеде Жасанды интеллект сабақ барысында қолдану атты оқыту-семинарларымды өткіздім.Физика пәнінен оқушыларым ғылыми жобадан аудандық облыстық дәрежеде Күн жүйесі бағыты бойынша 1-орынды иеленді.Сонымен қатар Халықаралық дәрежеде жобамыз жолдама алды.Физика пәнін оңай үйрену атты өзімнің жеке курсым бар.Ол курста арнайы платформа және жеке оқушы арқылы жұмыс жасаймын.Мен сізді өз сабағымда күтемін.