Илья Франк әдісімен қазақ тілін оқыту

2023-04-11

Нурсултан А.

Шет тілдерін білу – жаһандану заманындағы адамның ең маңызды және қажетті дағдыларының бірі. Бірақ бұндай дағдыға ие адамдар аз. Мектеп кезімізден бастап көптеген курстарға барып, бейне сабақтарды қарап, тапсырмалар орындап, аптасына 100 сөз жаттап жүрсек те, әлі көбіміз полиглотқа айнала қойған жоқпыз. Сонда басқа тілдерді үйренудің сенімді әдістері мүлдем жоқ па? Бағымызға орай Илья Франк әдісі бар!

Илья Михайлович Франк - орыс филологы, полиглот және аудармашы. Өз атымен аттас жеке оқу әдісінің бастамашысы. Жалпы таралымы 1 миллион данадан асатын шет тілдерін зерттеу, мәдениеттану бойынша кітаптар мен мақалалар сериясының, сондай-ақ «Илья Франктың оқу әдісі» және «Скайп арқылы үйреніңіз, Илья Франктың шет тілдер мектебі» веб-сайттарының авторы. Төмендегі тілдерде еркін оқып, сөйлей алған: неміс, француз, ағылшын, испан, португал, итальян, румын, голланд, дат, норвег, швед, поляк, украин, чех, түрік, парсы, қытай, латын, венгр. Ал келесі тілдерді сөздік арқылы сөйлесе алған: жапон, исланд, санскрит, көне грек, араб, иврит, фин, татар.

Илья Франк авиация инженері және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің филология факультетін герман филологиясы, неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Содан кейін ол бірнеше жыл орта мектепте, одан кейін шет тілі курстарында жұмыс істеді. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінде (РМУ) сабақ берді. Соңғы жылдары шет тілі курстарының директоры және Franklang.ru көптілді жобасының жүргізушісі. Ол сондай-ақ орыс поэзиясына арналған орыс тілді жобаларды басқарады: Russian Europe және Tyutchev.ru. 2001 жылдан Илья Франктың оқу әдісіне сәйкес бейімделген шетел тілдеріндегі кітаптары Ресейде басылып шыға бастады. 2008 жылға қарай 25 тілде осындай 150-ге жуық кітап дайындалды. Осы әдіске негізделіп жазылған жаңа кітаптар үнемі мен оқудың бұл әдісімен қамтылған тілдердің ауқымы кеңейіп, толықтырылып отырады. Аудармашылар мен редакция жұмысын үйлестіреді. 2000 жылы оның «Неміс грамматикасы Адам бейнесімен» (Deutsche Grammatik mit menschlichem Antlitz) жарияланды және содан бері жыл сайын қайта басылып келеді. «Басқа Троица»( "Другая Троица"), «Қылыштан түскен көлеңке»( "Тень от шпаги"), «Өгізден секіру»( "Прыжок через быка"), «Сөз портреті»( "Портрет слова") кітаптары қарапайым тілмен жазылған және әдебиет пен кинодағы қайталанулар мен қосылыстар туралы сөз етіледі.[1]

Бұл әдіс әсіресе оқуды ұнататындарға және тіл үйренудің бастапқы деңгейінде жүргендердің оң жамбасынан келеді.

Илья Франк әдісі шет тіліндегі кітаптарды оқу арқылы сөздік қорын толықтыруға негізделген.

  • Әдіс бастапқы мәтінді бөліктерге бөлу арқылы жүзеге асырылады.
  • Әр абзацтан кейін ана тіліне сөзбе-сөз аударма беріледі.
  • Содан кейін сол бөлік аудармасыз келеді.

 Илья Франк әдісінің бірнеше артықшылығы бар:

  • тілді пассивті үйрену жүзеге асады;
  • сөздік қорды тез молайтады;
  • пассивті лексиканы молайту;
  • сол тілде сөйлейтін адаммен байланыс болажы;
  • бейтаныс сөздің, сөз тіркестерінің, тілдік оралымдардың аудармасы бірден берілген және іздеуді қажет етпейді;
  • сөздердің транскрипциясы бар;
  • мысалдармен лексикалық және грамматикалық түсініктеме қоса беріледі;

Франк әдісі күрделі ережелердің болмауымен және оқудың өз еркімен жүретіндігімен ерекшеленіп тұрады.

Егер сіз оқуды ұнататын болсаңыз, онда сіз тек шығарманың сюжетіне үңіліңіз. Біраз уақыттан кейін тіл құрылымына үйреніп кетесіз. Илья Франктің өзінің техникасының кемшіліктеріне оның әдісі бойынша кітаптар жасаудың күрделілігін, ұзақ уақыт пен ерік жігерді талап ететінін жатқызады.

Әдістің мәні неде?

Илья Франк шет тілдерін меңгерудің инновациялық тәсілін әзірлеп, көпшілікке таныстыра бастады. Бұл әдіс арнайы оқу әдістемесіне негізделген. Әдетте, оқырманға бейімделген мәтіндер ұсынылады. Осы тәсілдің көмегімен бір немесе тіпті бірнеше шет тілдерін меңгеруге әбден болады.

Бұл әдіс қалай жұмыс істейді?

Ең алдымен, осы әдіспен шет тілін меңгеру үшін арнайы құрастырылған немесе бейімделген мәтіндер қажет болады. Олардың қарапайым әдебиеттен айырмашылығы неде?

Әдетте, мұндай мәтіндер семантикалық бөліктерге бөлінеді. Әрбір үзінді әр негізгі фразадан кейін шағын түсініктемелермен жазылады. Осылайша, оқырман шығарманы оқудан алшақтап, жаңа сөзді сөздікке немесе басқа дереккөздерге іздеп жатудың қажеті жоқ. Мұндай тәсіл қабылдауды едәуір жеңілдетеді және жазбаны тез есте сақтауға ықпал етеді. Аудармадан кейін дәл сол мәтін түпнұсқада түсіндірмесіз беріледі. Бұл өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді. [2]

Илья Франк аудармадан басқа әдісі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтауға үшін сөздердің транскрипциясын да ұсынады. Сонымен қатар, кітаптарда транскрипция кітап жазылған тілдің дыбыстарымен жазылады. Бұл жаңа сөзді есте сақтауға ғана емес, оның дұрыс айтылуына да көмектесетіні сөзсіз. Төменде Джидди Вергтің «Румини мен Аяз патшалығы» шығармасының Илья Франк әдісі бойынша жасалған аудармасы берілген.

Райсер мен оның бұзақылары жайлы (О Райсере и его банде) бүкіл Маусвиль білетін еді(знал весь Маусвилль). Олар(они) жолдарында кездескен (что встречались на их пути) терезені шағып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп(били окна, переворачивали урны), қабырғаларға сурет салып кететін(изрисовали все стены). Базардағы саудагерлер(торговцы с рынка) тезге келмейтін тентектерді(отпетых хулиганов) көре сала(увидев) тауарларын тығуға тырысатын(спешили прикрыть свои товары). Тіпті(И даже) жүдеген шағалалар да (облезлые чайки) Райсер бастаған тышқандар тобырының(орава мышей во главе с Райсером) кемежайға (в порт) баса-көктеп кіріп келе жатқанын(врывалась) көрген кезде (когда увидели) мазасыздана(тревожно) шаңқылдай бастайтын(начинали кричать).

Райсер мен оның бұзақылары жайлы бүкіл Маусвиль білетін еді. Олар жолдарында кездескен терезені шағып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп, қабырғаларға сурет салып кететін. Базардағы саудагерлер тезге келмейтін тентектерді көре сала тауарларын тығуға тырысатын. Тіпті жүдеген шағалалар да Райсер бастаған тышқандар тобырының кемежайға баса-көктеп кіріп келе жатқанын көрген кезде мазасыздана шаңқылдай бастайтын.

Сақшылар(Полицейски) бірнеше айдан бері( уже несколько месяцев) бұзақы кеміргіштердің(безобразничающими грызунами) артына түсіп алғанмен(охотилась) Райсер мен оның(его) серіктері(компания ) орайын тауып (у них из-под носа) құтылып кететін(ускользали). Олар қай(Они где) жерде бой тасалауға(спрятаться) болатынын(можно было) жақсы(хорошо) білетін(знали). Оның сыры(Его секрет), бәлкім(возможно), сол жерлердің(этих мест) көбін(большую часть) өздері жасап алғандығында(придумали сами) шығар..[3]

Сақшылар бірнеше айдан бері бұзақы кеміргіштердің артына түсіп алғанмен, Райсер мен оның серіктері орайын тауып құтылып кететін. Олар қай жерде бой тасалауға болатынын жақсы білетін. Оның сыры, бәлкім, сол жерлердің көбін өздері жасап алғандығында шығар..

Мұндай мәтіннің ерекшелігі - оқушының негізгі сөздер мен сөз тіркестерін оңай есте сақтауы. Бұл кітаптарды оқу кезінде оқудан басқа әрекеттерге алаңдаудың, сөздікте дұрыс сөзді іздеудің немесе басқа қажетсіз жұмыстарды орындаудың қажеті жоқ. Оқырманға қажет нәрсенің бәрі оның көз алдында тұрады. Илья франк әдісін қолдана отырып, кез келген тілді бірнеше есе тез үйренуге болады.

Әдістің оң және теріс жақтары

Бұрын бұл әдіспен бейтаныс оқырманға мәтін бастапқыда тым күрделі болып көрінуі мүмкін. Сондықтан, мұндай шығармаларды өзіңізге сәйкес келетін деңгейге сай таңдау керек. Сонымен қатар, мәтіндер сөзбе-сөз аударылған, сондықтан сөз мағынасын түсінуде қиындық тудырмауы керек. Белгілі бір уақыт өте келе студентке бейімделген мәтінге жүгінудің қажеті жоқ болып қалады. Ол аудармасыз-ақ мәтінде түсіне алатын деңгейге жетеді.

Сонымен қатар, Илья Франктің өзі айтқандай, әдіс кез-келген жерде және кез-келген уақытта оқуға мүмкіндік береді. Кітапты қоғамдық көлікте, кептелісте, үзілісте, демалыста және т.б. оқуға болады. Өйткені, арнайы әдебиеттерді алып жүрудің немесе қосымша техниканы жинаудың қажеті жоқ.

Бұл әдіс қандай оқырманға сәйкес келеді?!

Шет тілдерін үйренудің бұл жүйесі қарапайым төменгі деңгейден бастап үйренуге де, тілді жеткілікті білетін, бірақ сөздік қорын кеңейткісі келетіндерге де көмектеседі. Кітапты оқып, тілді меңгеру үшін оқырман жасы маңызды емес. Себебі тек ересектер ғана емес, балалар да осы әдіспен тіл үйрене алады. Олар үшін балаларға арнайы кітаптар жазылады. Балаларға арналған кітаптарда негізінен ертегілер немесе шағын әңгімелер болады.

Тілді үйренудің бұл әдісі тапсырмаға шынымен байыпты қарайтын кез келген адамға пайдалы болады. Дегенмен, сапалы білім алу үшін көп күш қажет болады. Мақаламызды қорытындылай келе, Илья Франк ұсынған инновациялық тәсіл кез келген адамның сөздік қорын айтарлықтай арттыруға көмектесетініне, тілді үйренуде оңтайлы әдіс екендігінде күмәніміз жоқ.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. https://www.livelib.ru/author/229427-ilya-frank
  2. Pумини / Джудит Берг ; [пер. с англ. В. Гришановой]. — Нур-Султан: Фолиант, 2021. —272 с
  3. https://ru.wikipedia.org

Понравилась статья? Оцените

5

На основе отзывов 1 пользователей

Нурсултан А.

Автор и репетитор на BUKI: Нурсултан А.

Требовательный; Ответственный; Креативный; Позитивный; Профессиональный педагог; Со стажем 6 лет; Преподаю начинающим, продолжающим Подготовка к НИШ,КТЛ, РФМШ Подготовка к Гос.Экзаменам Подготовка к КазТест(Болашақ)

Цена

4500 тнг/час

Другие блоги автора

Ищете репетитора?

На BUKI посылают заявки на сотрудничество с репетитором каждые 4 минуты. Но уже 650 000+ студентов нашли преподаватели. Хотите присоединиться к ним?

Подобрать репетитора

BUKI

Платформа, объединяющая репетиторов и учащихся

Создать профиль репетитора