Қазақша сөздерді жылдам жаттаудың 7 тәсілі

2020-12-21

Айгерим Д.

Тіл - сол тілде сөйлейтін халықтың тарихы мен мәдениетін, өнері мен өмірін танытатын басты құрал. Мәдениетіміз мен тарихымызды жақсы біліп, ұғынғын келсе, қазақ тілін білуін шарт. Қазақ тілін үйренудің тағы бір себебі, біздің тіліміз әлемдегі ең әдемі тілдердің қатарында болуы. Себебі, қазақ тілі әуезді тіл. Мұны шетел лингвистері де мойындайды. Қазақ тілі ағылшын, орыс тілдері сияқты бір әріптер дыбысталмай қалып, бір дыбыстарға екпін түскенде өзгеріп кете бермейді. Сонымен қатар тілімізге жалғаулар мен жұрнақтар түбірден кейін ғана жалғанады. Демек, сөздердің дыбысталуында айтарлықтай өзгешеліктер болмайды. Сондықтан сөздерді жаттау оңай болады. Қазіргі таңда, еліміздегі жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу көрсеткіші жоғарылап келеді. Болашақта ана тілімізді Қазақстан халқының 80-90 пайызы сөйлейді деген болжамдар да бар. Ендеше досым, сен де ана тілін білуін керек. 

Кез-келген тілді үйрену оңайға соқпайды. Қазақ тілін үйренемін деп, талпынған адамдардың ең бірінші кездесетін қиындығы сөздерді дыбысталуында көп кедергіге ұшырайтындығында. Ол туралы келесі мақалада толық сөз қылатын боламын. Екінші кедергі, сөздердің көп және қалып етістіктерінен шатасып жататындығы. Ендеше мен осы мақалада сіздерге сөздерді тез жаттаудың ең қарапайым тәсілдерін айтатын боламын. 

1.Ең оңайы күнделікті қолданып жүрген, көріп жүрген заттарыңыздан бастаңыз. Мысалы, чай- шай,ложка- қасық, ботинок-бәтеңке, сапоги- етік, солнце- күн,луна- ай, облоко- бұлт, дверь- есік,свеча, лампочка- шам, вилка- шанышқы,скатерть- дастархан, т/б. Заттардың атауымен қосып етістіктерді де фраза жасап жаттай беріңізү Мысалы, шай ішу, бәтеңкені кию, шамды жағу, дастарханды жаю, т/б.

2. Уақытыңыздың көп бөлігін өткізетін жерлерге керек сөздерді жазып, жабыстырып қойып жаттаңыз. Көз алдыңызда неғұрлым көп тұрса, есіңізге де соғұрлым тез сақталады.Мысалы, офиста жұмыс жасасаңыз қарапайым заттардан бастаңыз: стол-үстел, ручка- қалам, карандаш-қарындаш, окно- терезе, бастық -начальник, т/б.

3. Қазіргі таңдағы ең жиі қолданылып жүрген тәсіл, қазақша кинолар мен түрлі танымдық видеоларды көру, қазақша ән тыңдау. Мұның пайдасы, құлағыңызды қазақшаға үйрете береді және сөздердің дұрыс айтылуын еститін боласыз.

4. Тағы бір жиі қолданылатын тәсіл ассоциоция арқылы жаттау. Яғни, сол сөзді бір затқа немесе адамға, оқиғаға байланыстырып жаттау. Мысалы, сіздің досыңыздың жиі айтатын сөзі, т/б.

5. Лексикалық қорыңызды толтыратын тағы бір тәсіл жазу. Иә, жазыңыз, ерінбеңіз. Жазу үстінде адам сол сөздерді еріксіз қайталайды. Ол сіздің жадыңызға сақтала береді және жазғанды оқып көрсеңіз фотографиялық есте сақтау арқылы да жадынызда жылдам сақталатын болады. Карточкаларға жазыңыз. Және жақындарыңызбен ойыңызға да болады. Мысалы, карточканың екі бетінің біріне қазақша біріне орысша, ағылшынша, т/б жазып кімнің бірінші тауып, кімнің есте сақтау қабілетінің жоғары екенің көруіңізге болады. 

6. Кітап оқыңыз. Түсінбесеңізде оқыңыз. Дауыстап оқыңыз. Сөздерді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Көз жүгіртіңіз.

7. Қайталау. "Қайталау білім анасы" демекші сөздерді жиі қайталаңыз. Жиі есіңізге түсіріп отырыңыз. 

Сонымен, мен ұсынатын қазақ тілін жылдам игеруге көмектесетін 7 тәсіл тәмамдалды. Бұл тәсілдер тек қана қазақ тілін ғана емес, әлемдегі кез-келген тілді игеруге пайдасын тигізетін тәсілдер. Сіз барған оқу орталықтарының да осы тәсілдер мен амалдарды ұсынарына сенімім мол. Сондықтан осы айтқан кеңесімді пайдаланып көріңіздер. Пайдасы тиіп, көмегі көрініп жатса пікір қалдырыңыздар. 

 

Понравилась статья? Оцените

5

На основе отзывов 1 пользователей

Айгерим Д.

Автор и репетитор на BUKI: Айгерим Д.

Цена

3000 тнг/час

Другие блоги автора

Ищете репетитора?

На BUKI посылают заявки на сотрудничество с репетитором каждые 4 минуты. Но уже 650 000+ студентов нашли преподаватели. Хотите присоединиться к ним?

Подобрать репетитора

BUKI

Платформа, объединяющая репетиторов и учащихся

Создать профиль репетитора